• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Елбасы Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі және Астана мәслихаты депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №81 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс беру рәсімінен кейін тілшілерге берген сұхбатында Елбасы: «Мен өзімнің азаматтық құқығымды орындап, бүгінгі сайлауда дауыс бердім. Бұл сайлау біздің тарихымыздағы өте бір елеулі кезең болып саналады. Парламент мүшелерінің шешімімен биылғы кезектен тыс сайлауды өткізіп отырмыз. Осы кезеңде Парламентті жаңарту өте қажет қадам болып отыр», – деді. Еламан Қоңыр. Дерек: inform.kz. Сурет: Арман Мухатов.