• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Қорғаныс министрі кезектен тыс сайлауда дауыс берді

237 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сайлау учаскесіне келіп, барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Назарбаев университетінде ұйымдастырылған № 97 сайлау учаскесінде өз азаматтық парызын орындады. Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге Қарулы Күштердің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысып жатыр. Олардың арасында Қорғаныс министрлігі, Бас штабы мен ҚР Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің, орталық бағыныстағы бөлімдер мен мекемелердің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері бар. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қорғаныс министрлігі.