• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Сайлаушылардың 17,57 пайызы өз таңдауларын жасады

396 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтуде. Еліміз бойынша 9840 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі жүргізілуде. Сағат 10:00-ге дейінгі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының 17,57 пайызы өз таңдауларын жасаған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты – election.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге қарағанда, әзірге бірінші орында Қостанай облысы келеді. Сағат 10-ға дейін аталған өңірдегі сайлаушылардың 24,85 пайызы дауыс берген. Қалған аймақтардағы көрсеткіштер төмендегідей: Алматы облысы бойынша – 23,22 пайыз Ақмола облысы бойынша – 20,89 пайыз Ақтөбе облысы бойынша – 14,31 пайыз Атырау облысы бойынша – 11,88 пайыз Батыс Қазақстан облысы бойынша – 10,75 пайыз Жамбыл облысы бойынша – 19,3 пайыз Қарағанды облысы бойынша – 18,78 пайыз Қызылорда облысы бойынша – 19,83 пайыз Маңғыстау облысы бойынша – 15,23 пайыз Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 12,86 пайыз Павлодар облысы бойынша – 18,97 пайыз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 23,85 пайыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 24,31 пайыз Астана қаласы бойынша – 20,65 пайыз Алматы қаласы бойынша – 6,94 пайыз. Еламан Қоңыр. Дерек: election.kz. Сурет: strategy2050.kz.