• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Моуринью «Манчестер Юнайтедпен» алдын ала келісімге қол қойды

235 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Белгілі жаттықтырушы Жозе Моуринью Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен алдын ала келісімге қол қойды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. El Paris басылымының хабарлауынша, Моуринью осы жылдың 1 мамырына дейін өзге командалармен келісімшарт жасаспайтын болса, «Манчестер Юнайтед» басшылығы 6,5 миллион еуро сыйақы береді. Ал 1 маусымға дейін клуб басшылығы португал маманын жаттықтырушы етіп тағайындамаса, өтемақы ретінде 13 миллион еуро төлейді. Осыған дейін «Челсидің» экс-жаттықтырушысы жаңа командасында үш жылда 60 мллион еуро жалақы алатыны хабарланған. Айта кетейік, Жозе Моуринью «Челси» клубын екі мәрте жаттықтырған. 2004 жылдан 2007 жыл аралығында Англияның екі дүркін чемпионы (2004/05, 2005/06) атанса, 2007 жылы Англия кубогын, 2005, 2007 жылдары Лига кубогын және 2005 жылы Англия Суперкубогын жеңіп алған. Осыдан соң, 2008-2010 жылдары Италияның «Интер» және 2010-2013 жылдары Испанияның «Реал» командаларында қызмет еткен. Биылғы маусымда «Манчестер Юнайтед» командасы 29 ойыннан кейін 47 ұпаймен 6-орында келеді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен шыға алған жоқ. Сондай-ақ, Еуропа лигасының 1/8 финалында «Ливерпуль» командасына есе жіберіп қойды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: news.sportbox.ru.