• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Сайлауда Қарулы Күштердің басшылығы өз таңдауын жасады

295 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына мерзімінен бұрын өтіп жатқан сайлауда Қарулы Күштерінің барлық әскери қызметшілері таңғы сағат 7-ден бастап ашық және жабық сайлау учаскелерінде дауыс берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы жылы барлық әскери қызметшілер дауыс беруге алғаш рет әскери киіммен барды. Таңсәріден бастап ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов және Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов сайлау учаскелерінде өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарында 20 сайлау учаскесі құрылды. Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Олардың арасында Қорғаныс министрлігі, Бас штабы мен ҚР Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің, орталық бағыныстағы бөлімдер мен мекемелердің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері бар. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қорғаныс министрлігі.