АСТАНА. 20 наурыз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 60,22 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты – election.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сайлаушылардың белсенділігі жөнінен әзірге Алматы облысы алда келеді. Жалпы, әр аймақтағы көрсеткіштер төмендегідей:
Алматы облысы бойынша – 77,16 пайыз
Ақмола облысы бойынша – 69,97 пайыз
Ақтөбе облысы бойынша – 57,01 пайыз
Атырау облысы бойынша – 65,87 пайыз
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 56,37 пайыз
Жамбыл облысы бойынша – 63,06 пайыз
Қарағанды облысы бойынша – 59,2 пайыз
Қостанай облысы бойынша – 68,17 пайыз
Қызылорда облысы бойынша – 65,69 пайыз
Маңғыстау облысы бойынша – 51,76 пайыз
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 68,86 пайыз
Павлодар облысы бойынша – 61,77 пайыз
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 61,2 пайыз
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 66,7 пайыз
Астана қаласы бойынша – 54,71 пайыз
Алматы қаласы бойынша – 21,45 пайыз.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша 9840 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі жүргізілуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: election.kz.
Сурет: facebook.com.