• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Дауыс берушілердің 40,21 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерді

369 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Бүгін Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Осыған байланысты сағат 12:00-ге дейінгі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының 40,21 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты – election.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, бірінші орында Алматы облысы келеді. Сағат 12-ге дейін сайлаушылардың 57,67 пайызы дауыс берген. Дауыс беру барлығы 9840 сайлау учаскесінде өткізілуде. Қалған көрсеткіштер төмендегідей: Алматы облысы бойынша – 57,67 пайыз Ақмола облысы бойынша – 48,45  пайыз Ақтөбе облысы бойынша - 34,3 пайыз Атырау облысы бойынша – 45,2 пайыз Батыс Қазақстан облысы бойынша – 38,67 пайыз Жамбыл облысы бойынша – 47,41 пайыз Қарағанды облысы бойынша – 41,57 пайыз Қостанай облысы бойынша – 54,31  пайыз Қызылорда облысы бойынша – 43,28 пайыз Маңғыстау облысы бойынша  – 31,41  пайыз Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 33,02 пайыз Павлодар облысы бойынша – 40,47  пайыз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,1 пайыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 45,83 пайыз Астана қаласы бойынша – 32,33 пайыз Алматы қаласы бойынша – 15,45 пайыз Аян Әбдуәли. Дерек: election.kz. Сурет: baq.kz.