• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

АҚШ елшісі қазақ тілінде Наурыз мерекесімен құттықтады (видео)

341 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше  және өкілетті елшісі Джордж А.Крол барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтап, қазақ тілінде өз тілегін білдірді. Бұл туралы АҚШ елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған мәліметке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елші өз құттықтауында: «Құрметті, қазақстандықтар! Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары елшілігінің атынан сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мыңдаған жылдар бойы наурыз айында туған туыстар мен дос-жарандар бас қосып, жаңа көктемді қарсы алады. Бұл көктем мерекесі қарсаңында сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, құт-береке тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!», – деді. Ескере кететін жайт, АҚШ елшісінің құттықтау бейнеролигін түсіру үшін қазақтың киіз үйі, ал музыкалық фоны ретінде белгілі күйші Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі таңдалып алынған. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: facebook.com.