АСТАНА. 19 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2-туры шеңберінде үш ойын ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Негізі чемпионат кестесіне сай бүгін төрт матч өтуі тиіс еді. Алайда, «Атырау» мен «Тобылдың» кездесуі кейінге қалдырылды. Оған қостанайлық команданың Атырауға баруға мүмкіндігінің болмауы себеп болып отыр.
Ал ойындарға келер болсақ, Алматының «Қайраты» Көкшетауда жергілікті «Оқжетпеспен» ойнап, ұпай бөлісті. Мамандардың көпшілігі «Қайраттың» жеңіске жету мүмкіндігі жоғары екенін айтып, алматылықтардың үш ұпай олжалайтынын айтқан еді. Дегенмен, бірінші турда тең ойнаған «Қайрат» тағы да бір ұпаймен шектелді.
Бүгінгі ойындардың нәтижелері төмендегідей:
«Ақжайық» (Орал) – «Ертіс» (Павлодар) 0:3
Голдар: Елдос Ахметов 27, Усман Джаллоу 45, Роман Мұртазаев 55.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Қайрат» (Алматы) 1:1
Голдар: Әлібек Бөлешев 49 – Жерар Гоу 44.
«Тараз» (Тараз) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:1
Голдар: Игорь Зенькович 45 – Самат Смақов 11 (пенальти).
Айта кетейік, ертең 2-тур барысында қалған екі ойын ойналады. Атап айтқанда, Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында «Астананы» қабылдаса, Теміртауда Қарағандының «Шахтеры» Талдықорғанның «Жетісуымен» кездеседі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vk.com.