• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Дауыс бергендердің үлесі 71,78 пайызға жетті

296 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес сағат 16:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 71,78 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты – election.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сайлаушылардың белсенділігі жөнінен Алматы облысы алда келеді. Қалған аймақтардың көрсеткіші төмендегідей: Алматы облысы бойынша – 89,88 пайыз Ақмола облысы бойынша – 76,11 пайыз Ақтөбе облысы бойынша - 72,17 пайыз Атырау облысы бойынша – 80,41 пайыз Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,52 пайыз Жамбыл облысы бойынша – 76,28 пайыз Қарағанды облысы бойынша – 70,91 пайыз Қостанай облысы бойынша – 78,23 пайыз Қызылорда облысы бойынша – 77,53 пайыз Маңғыстау облысы бойынша  – 69,06 пайыз Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 80,92 пайыз Павлодар облысы бойынша – 68,76 пайыз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 76,41 пайыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 77,13 пайыз Астана қаласы бойынша – 69,83 пайыз Алматы қаласы бойынша – 29,12 пайыз Аян Әбдуәли. Дерек: election.kz. Сурет: diapazon.kz.