АСТАНА. 20 наурыз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес, сағат 18:00-ге дейін тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,16 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты – election.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл парламенттік сайлаулар үшін рекордтық келу болып есептеледі. Дауыс беру әлі де жалғасып жатыр. Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші мынадай:
Алматы облысы бойынша – 92,67 пайыз
Ақмола облысы бойынша – 78,68 пайыз
Ақтөбе облысы бойынша - 78,28 пайыз
Атырау облысы бойынша – 82,91 пайыз
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 70,03 пайыз
Жамбыл облысы бойынша – 79,97 пайыз
Қарағанды облысы бойынша – 76,74 пайыз
Қостанай облысы бойынша – 82,57 пайыз
Қызылорда облысы бойынша – 79,84 пайыз
Маңғыстау облысы бойынша – 73,12 пайыз
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 83,4 пайыз
Павлодар облысы бойынша – 70,55 пайыз
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 80,09 пайыз
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 80,52 пайыз
Астана қаласы бойынша – 73,78 пайыз
Алматы қаласы бойынша – 32,23 пайыз.
Айта кетейік, бұл сайлауда дауыс берушілердің белсенділігі ерекше байқалуда. Соның бір дәлелі ретінде жоғарыдағы 75,16 пайыздық көрсеткішті атап өтуге болады. Мұндай рекордтық белсенділік бұған дейінгі сайлауларда тіркелмеген.
Аян Әбдуәли.
Дерек: election.kz.
Сурет: kazinform.kz.