• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2016

Шетелдік байқаушы еліміздегі сайлау жүйесі жайлы айтты

440 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Елімізде өтіп жатқан сайлау жайлы шетелдік байқаушылар өз ойларын айтты. Соның бірі Зоран Тешанович. Ол Қазақстанда сайлау жүйесі әлдеқайда жеңіл дейді. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған  egemen.kz тілшісі хабарлады. Босния және Герцеговина елінен келген байқаушы Зоран Тешанович сайлау барысында халықтың дауыс берудегі белсенділігі қайран қалдырды дейді. Сондай-ақ, ол: «Бұған дейін мен 4 елде өткен сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатыстым. Барлық елде дауыс беру жүйесі әртүрлі. Ал егер салыстыратын болсақ, Қазақстанда сайлау жүйесі әлдеқайда жеңіл және дауыс беру ыңғайлы», – деді. Талғат Райымбек. Дерек: 24.kz. Сурет: egemen.kz.