АСТАНА. 21 наурыз. Exit-poll қорытындысы бойынша үш партия Парламентке өтті. «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық сауалдамада нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының 82 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған институттың директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларындағы 750 сайлау учаскесінде таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Exit-poll жүргізілген.
«Сауалдамаға 75 мың адам қатысты. Exit-poll-дың қорытындысы бойынша сайлауға түскен партиялар мынандай нəтиже көрсетті: «Нұр Отан» партиясы – 82 пайыз дауыс, «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» – 7,17 пайыз, «Ақ жол» партиясы – 7,22 пайыз, «Бірлік» партиясы – 0,35 пайыз дауыс, Жалпыұлттық əлеуметтік-демократиялық партия – 1,21 пайыз дауыс, «Ауыл» партиясы – 2,05 пайыз дауыс», – деді Юлия Кучинская.
Еламан Қоңыр.
Дерек: inform.kz.
Сурет: shalkarfm.kz.