• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2016

Азаматтық белсенділік айтарлықтай артты

671 рет
көрсетілді

Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының жетекшісі Людмила ГЕЙЦМАНМЕН әңгіме. – Людмила Эвальдовна, елі­міз үшін маңызы зор сайлау барысын қалай бағалар едіңіз? – Біз – Сайлауды байқау жөнін­дегі республикалық қоғамдық комиссияның өңірлік филиалымыз. Биыл біздің орталықта Шығыс өңірі бойынша 1004 тәуелсіз байқаушы жұмыс істеді. Бұл байқаушылар ешбір саяси партия мен кандидаттардың мүддесін қорғамайды. Олар Қазақстанның әр азаматының құқығын қамтамасыз етуге, сайлау науқанының заңнамаға сәйкес өтуіне қызмет етеді. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында өте ауқымды жұмыс атқарылды. Өңірлік орталық байқаушылары өз жұмыстарын таңғы сағат 6.00-де бастады. Өйткені, дауы­с беру басталғанға дейін бюл­летеньдерді есептеуге және сайлау учаскелерінің ашылуына қатысуымыз керек болды. Ал сағат 7.00-де дауыс беру басталғанда біз бақылауға көштік. Тәуелсіз байқаушылардың мәліметі бойын­ша айтар болсақ, биылғы сайлау өңірімізде өте ұйымдасқан деңгейде өтті. Шығыс өңірінің халқы демократиялық үдеріске барынша жарқын түрде қатысқанын аңдауға болады. – Шығысқазақ­стандықтар дауыс беруге қаншалықты атсалысты? Қан­дай да бір заң бұзу­шылықтар бай­қал­ды ма? – Тәуелсіз бай­қау­­шыла­рымыздың 17.00-дегі мәліметіне сүйенсек, облыс сай­лаушыларының 78-80 пайызға жуығы дауыс берді. Өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Дегенмен, байқау­шыларымыз кейбір учаскелерде құқық бұзу­шылықтардың алдын алды. Яғни, жеке куәлік құжатынсыз келген дауыс беруші байқаушы мен сайлау комиссия­сы төрағасының қатысуымен тоқтатылып, құжатын алып келуге жіберілді. Және арнайы хаттама толтырылып, азаматтың құжат арқылы дауыс беруі қадағаланды. Біз осындай жағ­дайларға кездескен байқаушыларға дер кезінде кеңес бе­ріп отырдық. Бай­қаушылардың сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі аяқ­талғанға дейін отырып, дауыс нәтижесін санауға куә болуы міндеттелген. Сондай-ақ, сайлау учаскесінің дауыс беру қорытындысы туралы хаттамасының көшірмесін алуы тиіс. Яғни, сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін толығымен қатысады. Биылғы сайлауда халық­тың орасан белсенділігін байқадық. Тәуелсіз байқаушы жоғары деңгейдегі азаматтық ұстанымдарды анықтауымен ерекшеленеді. Бұл ретте саяси немесе азаматтық тұрғыдан болсын, қазақстандық қоғамның айтарлықтай алға жылжығанын айтар едім. Өйткені, көптеген азаматтар біздің өңірлік орталыққа келіп, тәуелсіз байқаушы болуға ынта білдірді. Осылайша, кон­с­­титуциялық құқыққа қайшы әре­кеттерге тосқауыл болғысы ке­летінін көрсетті. Сондай-ақ, діт­теген үдеден табыла білді. Әңгімелескен Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.