• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2016

Англияда ханшайым Диананың құрметіне бақ ашылады

315 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 наурыз. Ұлыбританияның астанасы Лондонда ханшайым Диананың құрметіне бақ ашылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Келесі жылы көпшіліктің сүйіктісіне айналған ханшайымның өмірден өткеніне 20 жыл толады. The Telegraph басылымының хабарлауынша, оның есімін мәңгі еста сақтап қалу үшін арнайы ашылатын баққа Диананың есімі беріледі. Қазір осыған байланысты жұмыстар атқарылып жатыр. Барлығы жоспар бойынша өтер болса, бақ 2017 жылдың тамыз айында ашылады. Айта кетейік, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Диана Спенсер Фрэнцис қайырымдылық және бітімгершілік қайраткерлігімен белсенді айналысты. Өз кезеңінде танымалдыққа ие болды. Британиялық хан әулетінің ең әйгілі мүшесі саналды. 1997 жылы 31 тамызда Париж қаласында жол апатынан қаза тапты. Аян Әбдуәли. Дерек: 24.kz. Сурет: spletnik.ru.