• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2016

Қазақстандықтар «Нұр отан» партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтайды

361 рет
көрсетілді

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әлем қазақтарының атынан Елбасын және барша нұр­отандықтарды 20 наурызда өткен сайлауда «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңіске жетуімен құт­тықтайды. Шетелдерде тұратын қандастарымыз тарихи атамекеніндегі саяси науқанға көз тігіп, ел бо­лашағына елеңдеп отырды. Елбасының сан жылғы сындарлы саясаты кезекті рет халықтың қолдауына ие болып, «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңіске жетуін зор ықыласпен қабыл алды. Бұл сайлау – әлем қазақтарының көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ­станның алдына қойған барлық стратегиялық мақ­саттар мен міндеттерді жүзеге асыру жолында маңызды тарихи оқиға. Осынау сындарлы сәтте әрбір қазақстандықтың дауыс беруге белсене қатысқаны қоғамымыздың жоғары конституциялық патриотизмін танытты. Ел аумағынан тыс жерлерде ұйымдастырылған сайлау учаскелері туған жерінен жырақта жүрген мыңдаған қазақстандыққа елдің саяси өмірінен тыс қалмай, болашағын айқындауға атсалысуға мүмкіндік берді. Біз, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ха­лықтың сенім мандатына ие болған өзге де партияларды жетістігімен құттықтаймыз. Жаңадан сайланған көппартиялы Парламент «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруда мемлекетімізге қуатты құқықтық тірек болатынына сенім білдіреміз. Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының орынбасары.  Қазақстан Жазушылары одағы Біздер, ел қаламгерлері, Қазақстан Жазушылар одағы мен еліміздің зиялы жұртшылығы атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, сондай-ақ, миллионға жуық нұротандықты және барша қазақстандықтарды Парламент Мәжілісі мен мәс­лихаттар депутаттарының сайлауларындағы айқын жеңісімен құттықтаймыз! Кеше өрісі кең өркениетке бет түзеген қоға­мы­мыз Болашағы Біртұтас Ел болуда тағы бір тағ­дыр­шешті қадам жасады. Халқымыз Парламенттің жаңа құрамын ай­қын­дауға қызу атсалысып, әлем алдында өзінің аза­маттық ұстанымы мен ауызбірлігін танытты. Қазақстандықтардың сайлауға белсене қа­тысуы демокра­тиялық құндылықтарды биік ұстайтын еңселі ел екенімізді мүлтіксіз дәлелдеді. Азаматтарымыздың еркін таңдау жасауына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Сайлау ашық және әділ өтті. Оған қатысқан барша партиялар мен үміткерлерге тең мүмкіндіктер берілді. Осындай әділ бәсекеде «Нұр Отанның» топ жаруы Елбасының сарабдал саясаты халықтың толық қолдауына ие екеніне, оның саяси тірегі – «Нұр Отан» партиясы нағыз халықтық партия екеніне халықтың да, қадағалаушылардың да көзін жеткізді. Аса күрделі жаһандық ахуалда қазақстандықтар Бірлікті, Тұрақтылық пен Жасампаздықты таңдады. Бұл құндылықтар Мәңгілік Елдің ірге­тасын қалау­да адастырмас темірқазық болары сөзсіз. «Нұр Отанның» жеңісі – елдігіміздің, ертеңге деген ұрпақ пен ұлт сенімінің жеңісі. Ортақ жеңі­сіміз құтты болсын!  Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы.  Қазақстан Республикасының  Ұлттық ғылым академиясы Біз, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және қазақстандықтарды «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Халқымыз тағы бір саяси сыннан өтті. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына бір адамдай қатысқан қазақстандықтар құқықтық сауатын танытып, ел болашағын айқындауға үлес қосты. Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы саяси додаға қатысқан партиялар мен үміткерлерге конституциялық құқықтарын толық пайдалануға тең жағдай жасады. Осының арқасында әлемдік қоғамдастық Қазақстанның қуаты мықты, экономикасы әлеу­етті, саяси жүйесі берік ел екеніне көз жеткізді. Еліміздегі ең беделді саяси күш, Елбасымыздың саяси тірегі – «Нұр Отанға» дауыс берген қазақ­стандықтар мызғымас бірлікті, тұрақты даму мен жасампаз болашақты таңдады. «Нұр Отан» – миллионға жуық мүшесі бар қуат­ты партия. Оның ұстанған бағыты келешекке деген сенімімізді нығайтып, ұлтымызды ұлы іс­терге бастай бермек.  Мұрат ЖҰРЫНОВ, Ұлттық ғылым академиясының президенті.  «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Мемлекет басшысы мен «Нұр Отан» партиясын сайлаудағы тамаша жеңістерімен құттықтаймыз. Өткен электораттық науқанның қорытын­ды­лары мен аза­маттары­мыздың сайлауға белсенді қатысулары қазақ­стандықтардың таңдап алынған реформалар бағытымен ынтымақтастығының көрсеткіші  болды. Өз таңдауларын жасаған Қазақстан халқы әлемге рух бірлігі мен жоғары патриотизм үлгісін паш етті. «Нұр Отанның» жеңісі азаматтық қоғам инс­титуттарының белсен­ділігін арттыруға жаңа мүм­кіндіктер ашып, оған барлық қоғамдық күш­терді тартуға жағдай туғызады. Парламент Мәжілісінің жаңарған көппартиялы құрамы 5 инс­титуттық реформаны жүзеге асыруға соны серпін беретініне сенімдіміз. Елбасының басшылығымен, «Нұр Отан» пар­­тия­сымен бірге еліміздің барлық саяси және эко­номикалық секторларында нақты өсім қамтамасыз етілетініне ешқандай күмән жоқ.  Әсел ШӘРІБАЕВА, атқарушы директор.   «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі «Бас редакторлар клубы» Мемлекет басшысын, «Нұр Отан» партиясын кезектен тыс сай­лауда сенімді де талассыз жеңіске жетуімен құт­тықтайды. 20 наурызда болып өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәсли­хаттар сайлаулары бүкіл электораттық циклдың жоғары деңгейде ұйым­дастырылғанын көрсетіп берді. Бұған байқаушы комиссиялардың жұмыс­тарына белсенді қатысқан көптеген қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, сондай-ақ, біздің әріп­тестеріміз – журналистердің оң бағамдары айғақ болып табылады. Сайлаудың қорытындылары қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар бағытының дұрыстығын дәлелдеп қана қоймай, оны бүкіл қо­ғамы­мыздың жан-жақты қолдайтынын көрсетіп берді. Мәжілістің жаңа құрамында нұротандықтар көрсетілген сенім мандатын 100 пайызға орындап, мемлекет дамуының барлық шешуші салаларында жаңғырту бағытын тиімді жүзеге асыратынына сенімдімін. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның бүкіл бизнес қауымдастығының атынан біз Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевты, барлық нұротандықтарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда заңды жеңіске жетуімен құт­тықтаймыз. Өткен электораттық науқан қазақ­стандық­тардың жоғары азаматтық белсенділігінің, елі­мізді әрі қарай жаңғыртуға  өз­дерінің үлестерін қо­суға деген ұмтылыстарының жарқын айғағы болды. Бүгінгі әлемдік дағдарыс жағдайында де­путат­тық корпусты жаңғырту – бұл Қазақстан пар­ламентаризмінің тарихындағы жаңа дәуір. «Нұр Отан» партиясының жеңісі экономикамызды реформалауды әрі қарай сенімді жалғастыруға жағдай туғызып, Елбасының бар­лық стратегиялық идеяларын іс жүзіне асыруға мүмкіндік беретін болады. «Нұр Отан» елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі барлық серпінді жобаларды қашанда қолдап келеді. Бұл партия – нақты істер мен нәтижелердің пар­тиясы. Президентіміздің партиясымен бірге біз өмірі­міздің барлық саласын институттық тұрғыдан жаңғырту ісін жалғастыратын боламыз. Бұл әлемдегі ең озық 30 экономикаға жолдың сенімді бастауы болып табылады.  Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «Атамекен» ҰКП төрағасы. Қазақстан кәсіпкерлер форумы Қазақстан кәсіпкерлерінің атынан «Нұр Отан» партиясын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауында тамаша жеңіске жетуімен құттықтаймыз. Партияның табысы – бұл Елбасы беделінің, реформалар бағыты мен дағдарысқа қарсы реформалау бағдарламаларын бүкілхалықтық қолдаудың көрсеткіші. Сайлаудың талассыз нәтижелері Қазақстан азаматтарының басым көпшілігінің мүддесін білдіретін еліміздегі жетекші саяси күшке деген жоғары сенімді кезекті мәрте айғақтап берді. Партияның сайлауалды бағдарламасында мәлімделген барлық бағдарламалық міндеттердің лайықты жүзеге асырылып, елімізде жүр­гізіліп жатқан 5 институттық реформаның тиімді жүзеге асырылуы қамтамасыз етілетініне сенімдімін. Жаңа Парламентке табыс пен жемісті жұмыс тілеймін.  Райымбек БАТАЛОВ, Қазақстан кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы. «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» қоғамдық қоры «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» қоғамдық қоры Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және «Нұр Отан» партиясын Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауларында айқын басымдықпен жеңіске жетуімен құттықтайды. Бұл қуанышты жаңалықты болашағына елең­дейтін әрбір қазақ­стандық аса зор ықы­ласпен қабыл алды. Себебі, «Нұр Отан» – елімізді ғана емес, әлемді толқытқан талай тұрақ­сыз кезеңдерде табысымызды сақтап қана қоймай, еселей түсуге жағдай жасап, халықтың сенімінен шыққан бірден-бір партия. Сондықтан, жаһанды толқытқан дағдарыс жағдайында қазақстандық­тар партияның ұра­нымен үндес – Бірлікті, Тұрақтылық пен Жасам­паздықты таңдады. Сайлаудағы жеңіс – үлкен жетістікпен қатар, зор жауап­кершілік. Күрделі кезеңде Қазақстанды дамудың дара жолына бастау жауап­кершілігі елдегі ең қуатты саяси күш – «Нұр Отанға» жүктеліп отыр. Бұл істе нағыз халықтық партияға тек сәттілік ті­лей­міз. Мәжіліске енген өзге де партиялардың өкіл­дері ортақ мүдде төңірегінде ұйысып, халық­­қа адал қызмет етеді деп сенеміз.  Азат ШӘУЕЕВ, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры.  Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы «Нұр Отанның» Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­қа партияның сайлаудағы тамаша же­ңісіне орай өз құттық­тауымызды жолдаймыз! Бұл Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңі басталуымен берік үндескен шын мәніндегі тарихи оқиға! Дағдарысқа қарсы батыл іс-әрекеттер кезеңін­дегі қазақ­стандықтардың таңдауы заң шығарушы және жергілікті өкілді билікке деген халық сенімін тағы бір рет айғақтап берді. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағ­дарламасында ұсынылған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары ұлттық бірліктің өзекті арқауына айналды. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Парламент жұмысы отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың, әлемдік жо­ғары стандарттарға сай келетін жаңа үлгідегі еңбек қатынастарын қалыптастырудың жаңа векторын паш етеді. Біз Парламент Мәжілісі депутаттарының жаңа ша­қы­­ры­лымына сарқылмас қажыр-қайрат және барша қазақ­стандықтардың игілігі жолындағы жемісті жұмыс тілейміз.  Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы.  Қазақстан әйелдерінің Кеңесі Өз ұйымымыздың атынан біз Мемлекет басшысын және «Нұр Отан» партиясын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сай­лауындағы жеңісімен құттықтаймыз. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу біздің азаматтары­мыздың Ұлт Жоспары рефор­ма­ларының бағытын қолдаудағы мақсаттары мен құн­дылықтарының бірлігін тағы бір рет көрсетіп берді. Өкілді органдардың сайлауы Қазақстанды дамытудың барлық салаларын институттық ре­фор­­малаудың іске асырылып жатқан бағытын сабақтастыра жалғастыруы маңызды. Қазақстан халқы бірліктің, тұрақтылықтың және біздің Отанымыздың игілігі жолындағы жасам­­паздықтың өзіндік тарихи жолын ай­ғақтады. Қазір біздің алдымызда татулық пен келісімді нығайтудың ортақ ісін бірлесе жалғастыру мін­деті тұр. Әлемде болып жатқан текетірестер мен жанжалдар, дүниежүзілік нарықтағы экономикалық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан алдағы мақсатқа – тұрақты болашақ пен дәйекті дамуға қарай сенімді түрде ілгері басып келеді. Бұл біздің Президентіміз бен «Нұр Отан» партиясының еңбегі деп білеміз!  Нина КАЮПОВА, Қазақстан әйелдері Кеңесінің төрайымы. «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі 20 наурызда «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісі депутат­тарының сайлауында жарқын жеңіске жетті. «Нұр Отан» партиясының басты ұрандары – Бірлік, Тұрақтылық және Жасампаздық – қазақ­стандықтардың басым көпшілігінің жоғары қол­дауына ие болды. Қазақстан жастарының атынан Елбасын, «Нұр Отан» партиясын осы жеңісімен құттықтаймыз! Барлық қазақстандықтар өздерінің белсенді қатысуы арқылы үлкен сенім білдіріп, Мем­лекет басшысының дана басшылығымен 5 институттық реформаны іске асыруға, Қазақ­станның әлемнің неғұрлым дамыған және озық 30 елінің қатарына кіруі орайындағы мақсаттар мен міндеттерге жетуге әзірлігін паш етті. Халықаралық байқаушылардың оң пікірлері – бұл әлемдік қоғам­дастық таныған біздің мем­лекетіміздің кемелдігінің айғағы. Біз, жастар үшін барлық саяси партиялар қатыс­қан сайлау науқанының жоғары деңгейінің үлгісі ерекше маңызды. Барлық конституциялық нормалардың іске асырылуы мен Қазақстан азаматтарының сайлау және сайлану құқықтарының сақталуы – биыл біз 25 жылдығын атап өтетін Тәуелсіздіктің аса маңызды жетістігі.  Айдын СӘБИТОВ, «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры. «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және «Нұр Отан» партиясының барлық мүшелерін Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауындағы лайықты жеңісімен құттықтайды. Елдің жетекші саяси партиясының жеңісі дағдарысқа қарсы тиімді шараларды дер кезінде іске асыруға және Қазақстан Республикасында институттық реформалар бағдарламасын енгізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға көмек­теседі деп есептейміз. Болып өткен сайлау нәтижелері қазақстандық қоғам Елбасы төңірегіне топтаса отырып, барлық қиындықтарды еңсеріп шыға алатынын тағы бір рет көрсетті. Кезектен тыс сайлау біздің елімізге қоғамды ауқымды жаңғыртудың бастапқы кезеңінде дағдарысқа қарсы парламент жасақтауға мүмкіндік берді, біздің мемлекетіміздің демократиялық құн­дылықтарға, бірлік пен татулық идеяларына жақтастығын тағы бір рет растай отырып, қоғамды топтастырды.  Тамара ЛАВРИНЕНКО, «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. «Жұлдыз» балалар ұйымдарының республикалық одағы қоғамдық бірлестігі «Жұлдыз» балалар ұйымдарының респуб­ликалық одағы «Нұр Отан» партиясының Төр­ағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты өткен сайлаудағы партияның сенімді жеңісімен құттықтайды. Қазақстан халқы шын жүректен дауыс берді. Партия бағдарламасы елдің таяу болашақтағы дамуының барлық көкжиектерін, соның ішінде, халықты әлеуметтік қолдаудың жай-күйін шынайы бейнелейді. Біздің ұйымның өкілдері партияның нақты істерінен ана мен баланы қорғау мен қолдау сала­сындағы барлық мемлекеттік бастамалардың жасампаздық негізін көреді. Заң шығарушы билік құрамында нұротан­дықтар алдында «100 нақты қадам» Ұлт Жос­парында белгіленген елдің басты реформаларын ілгері жылжыту орайында көп міндеттер тұр­ғандығы маңызды. Бұл қазақстандықтардың басым көпшілігінің күткен үмітіне сай келеді және таяу болашақтағы іс-қимылдың нақты ырғақ-серпінін көзге елестеді. Жаңа Парламентке әлеуметтік реформалардың белгіленген бағытын жалғастыруды және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды тілейміз.  Елена ДМИТРИЕНКО, «Жұлдыз» балалар ұйымдарының республикалық одағы қоғамдық бірлестігінің президенті.