• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2016

Қоғамдық тәртіпке қалтқысыз қызмет

365 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесі туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг болып өтті. Бұл жолы бұқаралық ақпарат құралдарының алдына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов шықты.  Сайлау күні, яғни кеше Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттарын таң­дау үшін елімізде 9905 сайлау учас­келері ашылған-ды. Осыған орай құқық қор­ғау органдарының қызметкерлері де күшей­тілген жұмыс режіміне көшіп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылдағаны белгілі болып отыр. Сайлау учас­ке­леріне құқық қорғау органдары тара­пынан қанша адам бөлінгені және олардың нендей міндеттер атқа­ра­тынын Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары таратып айтып берді. Оның сөзінен белгілі болғаны, бас­шы­лық пен командалық құрамның тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, қосымша күштерді тарту арқылы патрульдік жасақ­тарды көбейту жолымен сайлау учаскелеріне жақын көшелерге көбірек бекітілгендігі. Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 20 мыңнан астам полиция қызметкері тартылған. Бюллетеньдерді сайлау учаскелеріне әкелген сәттен бастап тәуліктік күзету күшейтіліп, барлық қауіпсіздік шараларының сақталуы қамтамасыз етілген. Ол, бұл ретте, сайлау науқаны қалып­ты жағдайда өткендігін және сайлау заң­на­масын өрескел бұзу фактілері орын алма­ғандығын айтты. Оның үстіне, «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы Сайлау туралы» Конс­титуциялық заңға сәйкес, сайлау өткі­зіл­ген күн құқық қор­ғау органдары үшін жұмыс күні  бол­ған­дықтан, ішкі істер орган­дары­ның қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қор­ғау мен жол қауіпсіздігінің тиіс­ті деңгейін қамтамасыз ету бағы­тында үлкен жауап­кершілік жүктеліпті. Жағдайды жедел сауықтыру және тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ІІМ 16-18 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілгені де аталды. «Сайлау учаскелерінде кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жедел ықпал ету үшін бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды: 17-24 наурыз аралығында ішкі істер органдарының барлық жеке құра­мы, оның ішінде төтенше жағдайлар, қыл­мыстық-атқару жүйесі бөліністері және Ұлттық ұлан қызметтің күшейтілген нұсқа­сына көшірілді; Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның күш-құралдары ескеріліп, жеке құрамды орналастырудың тиісті жос­пары жасалды; ІІМ-де және аумақтық ІІД-де жұмылдырылған күш-құралдарын бас­қару және үйлестіру үшін арнайы штабтар құрылды; әрбір қалалық, аудандық орган­дарда 2-3 жедел-тергеу топтары құры­лып, олар­дың құрамына прокуратура қызмет­кер­лері де тартылды», – деді бірінші вице-министр. М.Демеуов полиция қызмет­кер­лері байқаушылар мен жур­на­лис- ­тер тарапынан жасалатын фото және бейне түсіру әре­кет­тері­не араласпайтындығын  да тілге тиек ете кетті. Және де кез кел­ген сайлау заңна­масын бұзуға байла­нысты арыздар мен ша­ғымдар ішкі істер органдарының құзырет­тілігінің шегінде сайлау күні шұғыл қаралып отырды. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сайлау комиссиясына қызмет ететін автокөліктердің техникалық жағдайын тексеруді ұйымдастыру, сайлау бюл­летеньдерін тасымалдауда патрульдік авто­көліктердің еріп жүруі барысын бақы­лау сияқты міндеттер қалтқысыз орындалды. Бұдан басқа, өрт қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін төтенше жағдайлар жөнін­дегі құрылым тарапынан әрбір сайлау учас­кесінде өрт орын алмауы жағдайларына тексеру жүргізілген және сайлау учаскелерінің мүшелері өрт орын алғанда не істеулері керектігі де жан-жақты пысықталыпты. Сайлау күні өрттен қорғау-құтқару құрылымдарының күшей­­тіл­ген кезекшілігі ұйымдас­тырылғаны және де Жедел басқару орталықтарының бейне-бақылау камералары да қолданылғаны аталды. Сөз реті келгенде М.Демеуов ішкі істер органдарының арнайы меке­мелерінде сайлауға қатысу құқығы бар 4 мың адамның конституциялық құқықтарын іске асыру үшін сайлау комиссияларының келісімі бойынша бірқатар арнайы мекемелерде учаскелер ашылып, қалғандарына дауыс беру жәшіктері орналастырылыпты. Еліміздің әрбір өңірінде халықаралық байқаушылардың өтініштері бойынша кездесулер өткізіліп, сайлау өткізудегі заң­дылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері пысықталған. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».