• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2016

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

249 рет
көрсетілді

Қазақстан бірқатар елдердің азаматтары құрбан болған 2016 жылғы 19 наурызда Ыстамбұлда орын алған террорлық әрекетті үзілді-кесілді айыптайды. Қазақстан Түркия үкіметіне толық қолдау көрсететінін растайды және оның терроризмге қарсы күресіне ниеттестік білдіреді. Әлемдік қоғамдастықтың мү­шесі ретінде Қазақстан Түркия­дағы жағдайға алаңдаушылығын біл­діре отырып, терроризмді оның барлық түрлерінде және кө­ріністерінде үзілді-кесілді айыптайды және бұл құбылысты жою үшін әлемдік қоғамдастықтың бірлесе күш салуын қолдайды. Қазақстан террорлық әрекеттер бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін қауіп-қатер деп санайды. Халықаралық құқық қағи­да­ларына және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарына жүгіне отырып, Қазақстан әлемнің бар­лық ел­дерін терроризм мен экстремизмнің жайылуына қарсы БҰҰ аясында бірлесе әрекет жасау­ға шақырады. Сон­дықтан, Қазақ­стан Республика­сының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ шеңберінде жасаған баяндамасында Жаһан­дық терроризмге қарсы коалиция құру жайында бастаманы жа­риялаған болатын.