• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Наурыз, 2016

Қарағандыда 2015 жылы 890 көлік ұрланды

210 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 22 наурыз. Қазақстан бойынша өткен жылы ұрылар 890 автомобильді айдап әкеткен. Бұл туралы kolesa.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлайды. Темір тұлпарлардың қолды болуы бойынша Алматы қаласы көш бастап келеді екен. Ал Қарағанды облысы екінші орында. Үшінші орында – Қостанай облысы тұр. Автоұрлықшыларға қарсы қалай күресудің үлгісін астаналықтар көрсетіп келеді. 2015 жылы бас қалада машина ұрлаудың бар-жоғы 15 фактісі ғана тіркелген. Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, есіктері дұрыс жабылмаған автомобильдер ұрланады. Сонымен қатар, ұрылар көлік есігін қолдан жасаған кілттермен де ашып алады. Терезесін сындырып кіретіндер де кездеседі. Сондықтан полиция қызметкерлері автомобильдерді айдап әкетуге қарсы қондырғылармен жабдықтап, күзетілмейтін және қараңғы жерлерге қалдырмауға кеңес береді. Қайрат Әбілдинов. Дерек: kolesa.kz. Сурет: automag.kz.