АСТАНА. 23 наурыз. Елбасы Брюссель қаласында болған террорлық актіге байланысты Бельгия королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Мемлекет басшысы еліміз халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайтынын және осындай қиын сәтте Бельгия халқын жан-жақты қолдайтынын айтты.
Талғат Райымбек.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: egemen.kz.