• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2016

Әділдіктің артынан сөз ермейді

408 рет
көрсетілді

Мен бірнеше сайлау учаскелерінде болып, сай­лаудың өтуін қада­ға­ладым. Бұрын өткен сай­лауларға да байқаушы болып қатыс­қанмын. Сондықтан да, сайлау учаскелері ашылған бойда баруға тырысамын. Сонда байқағаным дауыс беруге алдымен қарттарымыз қадам басты. Сағат тілі 9-дан кете жастардың белсенділігі аңғарылды. Сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жақсы жабдықталғаны аң­ғарылды. Сайлауға дайындық өте жоғары деңгейде жүргізілгендігіне көз жеткіздім. Сайлау кезінде қай партияның да сенімді өкілдерінен реніш бола қой­ған жоқ. Барлық байқаушыларға да, се­нім­­ді өкілдерге де сайлаудың өтуін бай­қау­ға, қадағалауға заң аясында жағдай туғызылды. Сайлау әділ өтті. Сай­лаушылар өз таңдауын еркін жасады. Ешкім ешкімге дауыс беру туралы нұсқау беріп, қыстаған жоқ. Ешбір учаскеде комиссия тарапынан да, сайлаушылар тарапынан да ескертулер, арыз-шағымдар болған емес. Сайлау күні облыстаға 526 сайлау учаскесінде біздің 530 байқаушымыз болды. Олардың ешқайсысы да сайлау заңдылығының бұзылғандығы туралы деректің, арыз-шағымның болмаға­нын хабар­лады. Бәрінен бұрын бұл жолы ауа рай­ының күрделілігіне қарамастан, сай­лау­шылардың белсенділігі жоғары бол­ғанын айту ләзім. Тіпті, жолда қалған жолау­шы­ларды сайлау учаскелері жабыл­май тұрып ауылдарына қам-қарекеті жасалғанын да естіп жатырмыз. Мұ­ның өзі жергілікті биліктің сайлауды ұйым­дас­тыруға қанша­лық­ты назар аудар­ғанын көрсетсе керек. Мұны облыс сай­лаушыларының 72 па­йызының күн­дізгі 16.00 сағатқа дейін дауыс беріп үлгер­генінен де аңғаруға болады. Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына тек сайлауды өткізуді байқау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның ғана емес, шетелдік байқаушылар да қатысты. Байқаушылар өз міндеттерін өз құзы­реті шегінде, заң аясында абыройлы ат­қарды деу орынды. Сайлаудың әділ өт­кен­дігі сондай, соңынан ешқандай қаңқу сөз болған жоқ. Ең бастысы да осы. Және бір айтайын дегенім, «Нұр Отанның» – Президент Төрағасы болып табылатын саяси ұйымның 82,20 пайыздық көрсеткішпен жеңіске жетуі. Осы орайда, Мәжілістен басым орын алатын партия өзіне көрсетілген сенімді толықтай ақтау үшін жұмыс істейтініне сенімім кәміл. Нұрлыбек МУСИН, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Ақтөбе облысындағы өңірлік байқаушысы. Ақтөбе облысы.