• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2016

Қиындықтарды бірлесіп қана жеңеміз

412 рет
көрсетілді

Өзгелер сияқты Якорь ауылдық округінің тұр­ғындары да Парламент Мәжілісі мен мәс­ли­­хат депутаттары сайлауын тағатсыздана күт­ті. Шешуші кезеңдегі әлеуметтік-экономи­ка­лық ахуалдың күрделілігін түсіне отырып, өз таң­­дауларын жасағанша асықты. Өзім де, ұжым­ның жұмысшы-қыз­меткерлері де отба­сымызбен бұл күнді мереке ретінде қабыл­дап, жоғары конституциялық сайлау құқығы­мызды мүлтіксіз орындадық. Ауылдық округ бойынша тірке­лімге алынған 1201 сайлаушы бір кісі­­дей дауыс беріп, жоғары белсен­ді­ліктің үлгісін танытты. Мем­лекет бас­­шы­сы, «Нұр Отан» партиясы бел­гі­леп берген стра­­тегиялық бағыт­тар­ға зор қо­лдау көрсе­тіл­­ді. Үлкен жауап­кершілікті жас­тар жағы да жете сезі­ніп, өз шешімдерін ақыл-пара­­сат­пен үй­­­­лес­­­тіре білді. Осылайша сайлау ой­да­­ғы­дай ұйым­­­­дас­­тырылып, лайықты таңдау жасал­­ды. Пар­­ла­­­мент Мәжілісі де­путатының ман­дат­­тары ла­йық­ты тұл­­ғаларға тапсырылады деген сенімдеміз. Сөз ретінде, қазақстандық сайлау­шылардың 82,20 пайыз дауысын алып, айқын жеңіске жеткен «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі өкілдері алдағы кезеңде сенімді ақтау үшін жұмыс істеуге ұмтылатынына сенімді екенімді айта кетсем дей­мін. Өйткені, Президент әлем­дік дағда­рыс­тың сын-қатерлерін бірлесіп қана жеңе алатынымызды үнемі айтып келеді. Оның негізгі жолдарын «Қазақ­стан жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор­малар, даму» Жолдауында айқындап берді. Ал қазіргі басты міндет – ел эко­но­микасын еселей түсу. Әркім өз жұ­мыс учаскесінде білік­тілік, кәсіби ше­бер­лік көрсетсе, бәсекеге қабілет­тік тә­жі­ри­бесін кеңі­нен меңгереріміз анық. Біздің шаруашылық егемендіктің елең-алаң шағында құрылып, содан бері егіншілікпен де, мал өсірумен де тұрақты айналысып келеді. Қазір бағымда 2350 ірі қара малы мен жылқы, 2 мың гектарға жуық егістік алқап бар. Былтыр 117 миллион тең­ге жеңілдікті субсидияға қол жеткі­зі­ліп, етті және сүтті тұқымды ірі қара мал­дары сатып алынды. Сүт, ет өнім­дері еш­қан­­дай делдалсыз тіке­лей «Маслодел», «Фрегет», «Казмясопродукт» кәсіп­орындарына жө­нел­­­тіледі. Алдағы мақсат – шетел нар­ы­ғына шығу. 130 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Орташа еңбекақы 80 мың теңгені құрайды. Меніңше, жалпы мемлекеттік мақ­сат­тарға қол жеткізуде мұндай сая­си науқандарды өз мәнінде өткізу­дің мәні айрықша. Осы тұрғыдан алған­да, діттеген межеден көрін­гені­міз мақтан етуге тұрарлық. Борис КАЛУГИН, «Якорь» ЖШС директорының орынбасары. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы.