• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2016

Заң бұзушылық байқалмады

469 рет
көрсетілді

– дейді биыл алғаш рет байқаушы болған Салтанат ҚҰЛШАРИЕВА – Бұрын Сайлауды байқау жө­нін­дегі республикалық қоғам­дық комиссияның Атырау облысы бойынша өңірлік орталығына мүше  болып па едің? – Сайлауға қатысып, дауыс беру – әр азаматтың міндеті десек те, осынау саяси науқанға байқаушы болудың жауапкершілігі жоғары екенін білемін. Өйткені, елдегі демократияның өркен жаюына бұл науқанның да әсері мол. Сонымен бірге, елдің келешектегі өркенді даму жолымен жүруіне септігі тиері даусыз. Сол себе­п­тен, биыл сайлауды байқау жөнін­дегі республикалық қоғамдық комис­сияның Атырау облысы бойынша өңірлік  орталығының мүшесі болдым. Әрине, бас­тапқыда аз-кем жүрексіндім. Қобалжымадым деп те айта алмаймын. Себебі, бұрын сайлау барысын байқаушы ретінде бақылап көрмеппін. Сайлау өткенге дейін арнайы семинар-тренингтерге қатысып, алдымен «Сайлау туралы» Конституция­­лық заң­­ның талаптары­мен таныстым. Өткен жылы Қазақ­­стан Рес­пуб­­­лика­сының Пре­зиденті сай­лауында бай­қаушы болған әріп­­т­естерім ақыл-ке­ңес­терін айтып, тәжірибелерімен бө­лісті. Осы­ның бә­рі байқаушы ретін­­дегі мін­детімді бұлжытпай атқаруға молынан септесті. – Өзің байқаушы ретінде қай сайлау учаскесінде бол­дың және не байқадың? – Мен Геолог ауылдық окру­гінде ашылған №67 сай­­лау учас­­кесіне бөлінген едім. Осы сай­лау учаскесінде дауыс беру бас­тал­ған сәттен «Сайлау тура­лы» Конс­ти­туциялық заңның бұ­зыл­мауын жіті бақыладым. Мені сайлаушылардың дауыс беруге қатысу белсенділігі қуантты. Сайлаушылар дауыс беру үшін кезекке тұрғанын кө­ріп, елдің келешегіне бейжай қа­ра­­майты­нын ұқ­­тым. Осының өзі отандастары­мыздың сайлауға қаты­су азаматтық парызы екенін түсі­нетінін аң­ғар­тады. Сайлау учас­кесі арнайы заң тала­бына сай жаб­дық­талыпты, мұн­да  сай­­лау­шы­­л­арға да, бай­қаушыларға да қолай­лы жағдай жасалды. – Сайлауды бақылау барысында саған шағым айтушылар болды ма? – Бұл сайлау учаскесінде бір­де-бір заң бұзушылық бай­қал­мады. Сайлаушылар тарапы­нан арыз-шағым айтушылар да болған жоқ. Өйткені, біздің халқымыз сауат­ты, дауыс беру барысында заң бұзу­шы­лықтың елдің демо­кратиялық  өркендеу беделіне нұқсан келтіретінін жақсы біледі. Қай адам өз елінің беделі төмендегенін қалайды дейсіз? Заң бұзушылықтың ба­й­қал­мауының астарынан осыны анық аңғар­дым десем болады. Заң бұзушылықтың болмағанын, сайлаушылар, саяси партия­лар, мәслихаттарға депутаттыққа кан­ди­д­аттардың өкілдері тарапынан  шағым, не арыздың болмағанын мұнда менімен бірге сайлау додасына түскен саяси партиялардың байқаушылары растай алады. – «Нұр Отанның» айқын жеңісін қалай бағалайсыз? – Жеңіс заңды. Сайлау­шы­лардың 82,20 пайыз дауыс алуға бүгінде тек «Нұр Отан» саяси партиясы ғана лайықты десем, қателеспейтінім анық. Өйткені, осы уақытқа дейін елімізде атқарылған оңды істерді тек Елбасымен, Елбасы Төр­аға­сы болып табылатын «Нұр Отанмен» ғана байланыстыруға болады. Әңгімелескен Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ. Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.