• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

Болашақ бастауы

312 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы­ның алдына қойған басты мақсаты әлемдегі дамыған отыз елдің қата­­­­ры­на қосылу болып отыр. Бұл ту­ралы Елбасы Нұрсұлтан Назар­­­баев бұрыннан айтып келе­ді, ал, «Ұлт Жоспары – қазақ­стан­дық арманға бастайтын жол» ма­қа­ласында да кеңінен тоқталып өтті. Мемлекет басшысының ай­қын­дап берген әрбір нақты тап­сыр­масы барлық саланы қам­ти­ды. Мәселен, экономика, білім, денсаулық, мәдениет, қоғам, соны­мен қатар, саяси қарым-қаты­нас, мемлекеттік басқару са­ла­ларына қатысты нақты қадам мақсатын металлургтер Прези­дент­тің тікелей тапсырмасы деп біледі. Әлеуметтік саланы дамыту үшін озық үлгілерді ұсынды. Осының барлығы келешек ұрпақ үшін жасалып жатқаны түсінікті. Жастар – өндірісіміздің жар­қын болашағы, Отанымыз­дың тірегі. Біз әрдайым болаша­ғы­мыз­дың жарқын болашағы жас­тар­дың қолында деп есептейміз. Сондықтан да, өндірісте жастары­мыз­дың білімді, білікті маман, өз ісін жетік меңгерген мықты метал­лург болып қалыптасуына біз сияқ­ты аға буын өкілдері көп жыл­ғы іс-тәжірибемізбен бөлісіп, өмірден үйреніп, түйгендерімізді үйретіп отырамыз. Біз, металлургтер, еліміздің экономикасының дамуына, дамыған елдердің қа­та­ры­нан көрінуіне әрдайым еселі ең­бек­терімізбен үлес қосып келеміз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қа­зақ­­стан жаңа жаһандық нақ­ты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты биылғы Жолдауында  еңбек адамына ерекше көңіл бөлі­ніп, оның қоғамдағы рөлін жете бағалағаны белгілі. Алдағы жыл­дан бастап елімізде мектеп түлектері үшін кәсіптік-тех­ни­калық білім беру ісі тегін ж­ү­зе­ге аспақшы. Мұның өзі жұ­мыс­шы мамандығының беде­лін бұрынғыдан да көтеруге және кадр­лардың сапалы даярлануы­на мүмкіндік бермекші. Бұл біз ең­бек ететін металлургия сала­сы­на да қатысты. Біздің ұжым­да бұрыннан қалыптасқан жақ­сы дәстүрлер бар. Мәселен, тәлімгерлік қозғалысы, жас жұмысшылар арасында өткі­зілетін кәсіби шеберлік конкурс­тары, ғылыми-техникалық конференциялар, сондай-ақ, үзбей ұйым­дастырылатын спорттық шара­лар, осының барлығы еңбек өнімділігіне, өндірістің қалыпты жүруіне өзінің оң ықпалын тигі­зері анық. «Мен жастарымыз­ды жұмысшы мамандығын бел­сен­ді меңгеруге шақырамын. Жұ­мысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұр­дым. Жылдар өтеді, бірақ осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап ал­саңдар да, міндетті түрде кәде­леріңе жа­­рай­ды», делінген Жол­дауда. Әрине, жоғары білім алу да керек. Алайда, еңбекке тіке­лей араласатын кәсіптік ма­ман­дық иелері молаймай, біз­дің қыруар инвестиция тартып іске қосып жатқан зауыт-фабрикаларымыздың жұмысы табысты болмайды.  Осы бағыт Мем­лекет басшысының «Ұлт жос­­пары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында айқындала түскен. Мен мұны елді әлемдік дағдарыстан кінәратсыз шығарудың аса маңызды шара­ларының бірі деп ойлаймын. Президенттің күллі қоғамымызға бағыт-бағдар беріп отырған мақа­ласында «2017 жылы «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталады» деп көрсетілген. Бұрындары жастар, оның ішінде ауыл балалары еңбек жолын кәсіптік-техникалық білім алудан бастайтын үрдіс бар еді. Елі­міз­де жүргізілгелі отырған барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы осы жақсы дәстүрді қайта оралтуға тиіс. Жалпы, Елбасының атап көрсетіп жүргеніндей, әр жас үшін жұмыс­шы мамандығы ең сенімді жол – өмір бастауы. Мұны естен шы­ғаруға болмайды. Саламат ДІЛМАҒАМБЕТОВ,  «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы.  Ақтөбе облысы.