• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

Азиялық форум жұмысына қатысты

267 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциясындағы Боао қаласында өткен Боао азиялық форумының 15-ші сессиясына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Өз сөзінде Б.Сағынтаев биыл­ғы жылы «Азияның жаңа болашағы: Жаңа динамика, Жаңа көзқарас» тақырыбында өтіп жатқан Боао азиялық форумы субконтиненттегі өзара іс-қимылдарды тереңдетуге және әлемдік экономиканы сауықтыру жолдарын іздеуге елеулі үлес қосады, деп атап көрсетті. Азия жаһандық халықаралық қарым-қатынастардың басты алаңына айналуда, ал Қазақстан өзінің айрықша географиялық жағдайын пайдалана отырып, Еуропа мен Азия арасында тран­зиттік көпір рөлін атқаруға дайын, деп атап өтті бірінші Вице-премьер. Оның пікірінше, бұл тұрғыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен астасу үдерісі қазіргі заманға сай қадам болып табылады. Ол ынтымақтастықты нығайтуға және ежелгі Ұлы Жібек жолы әлеуетін қайта өркендету жолымен өңір елдерінің әлеуетін ашуға жағдай жасайды. Оның сыртында БАФ-қа қатысу шеңберінде Бақытжан Сағынтаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен, Азия инфрақұрылымдық инвес­тициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен, CITIC Construction компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хун Бомен, Шэньси провинциясының губернаторы Лоу Циньцзянмен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.