• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

Мәжіліс депутаттарына куәліктері тапсырылды

319 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде VI шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу мәселесі қаралды. Сонымен қатар, отырыста «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес, Орталық Сайлау комиссиясының қаулысы жа­рияланды. Қаулыны оқыған Комис­сия төрағасы Қуандық Тұрған­құлов: «Біріншіден, VI шақырылатын Қазақстан Республикасы Парла­менті Мә­жі­лісінің депутаттары тіркелсін. «Нұр Отан» партия­сының партиялық тізімі бойынша – 84 депутат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық пар­тия­сының партиялық тізімі бойынша – 7 депутат, Қазақстан Комму­нис­тік халық партиясының партия­лық тізімі бойынша – 7 депу­тат және Қазақстан халқы Ассам­блеясы сайлаған 9 депутат. Екіншіден, тіркелген бар­лық депутаттарға Орталық сай­лау комиссиясының отырысын­да куә­ліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылсын. Үшін­шіден, осы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын», – деді. Осыған орай, партиялық ті­зім бойынша тіркелген және Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы сайла­ған барлығы 107 депутатқа куәлік­тері мен омырауға тағатын бел­гілері тапсырылды. Жиын соңын­да Қ.Тұрғанқұлов барлық де­путатты құттықтап, жұмыс­тарына жеміс тіледі. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.