• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

Немересін құтқарамын деп..

361 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Оңтүстік Қа­зақстан облысының Сарыағаш ауданындағы «Келес» каналында орын алды. Көргендердің айтуларынша, 2003 жылы туған қыз арнаның жағасында келе жатып, кенет аяқ астынан жоқ болып кетеді. Сөйтсе, жас қыз абайсызда суға құлап, ағып кеткен екен. Оны байқаған 1952 жылы туған атасы каналға қойып кетіп, немересін құтқармақшы болады. Ол қыз баланы қауіпсіз жерге тартып шы­ғарады. Бірақ, суық су денесін қар­мап қалған ол қайтып жағаға жете алмай қалады. Қазіргі таңда сүңгуірлер немере қызын құтқармақшы болып, өзі суға ағып кеткен ер кісінің денесін іздестіріп жатыр. Алайда, тереңдігі кей жерлерде сегіз метр­ге дейін баратын, ағысы секундына екі метрге жетіп тұрған арнада бұл жұмыс өте күрделі жағдайда жүруде. Мұрат АЙТҚОЖА.