• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдумды тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

567 рет
көрсетілді

2011 жылғы 13 қаңтарда Қа­зақ­стан Республикасының «Рес­пуб­ликалық референдум туралы» Конституциялық заңының 16-ба­бына сәйкес, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Орталық сайлау комис­сиясы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның республикалық референ­дум­ға қатысу құқығы бар, рес­публикалық референдумды та­ғайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдары­ның растығын тексеру нәти­же­лері туралы қорытынды хат­та­маны бекітті. Бастамашы топ дұрыстығы расталған 5 016 367 қол, немесе Қа­зақстан Республикасының рес­пуб­ликалық референдумға қаты­су құқығы бар азаматтары жалпы санының 55,2 % қолын жинаған. Бұл референдум өткізу туралы бастамашылық білдіру үшін қа­жет санның заңмен көзделген мөл­шерінен айтарлықтай дең­гейде артық. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңы­ның 16-бабының 2-тармағына сәйкес, «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың президенттік өкілет­тік­тері мерзімін 2020 жылғы 6 жел­тоқсанға дейін ұзартасыз ба?» деген мәселе бойынша рес­публикалық референдум өткізу туралы ұсыныс және Орталық сайлау комиссиясының азамат­тар­дың қолдарының расты­ғын тек­серу нәтижелері туралы қоры­тынды хаттамасы Қазақстан Рес­публикасы Президентіне жол­да­на­тын болады. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.