Б.Ж.Бақауовты Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 наурыз. №216
Болат Жұмабекұлы БАҚАУОВ
1971 жылы туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономист-менеджер.
Еңбек жолын Павлодар облысы Железин ауданының «Советский Казахстан» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1993-2008 жылдары Павлодар облысының шағын және орта бизнесінің ауылшаруашылық кәсіпорындарында кәсіпкерлік қызметпен шұғылданды.
2008 жылдан бастап мемлекеттік қызмет атқарады. Павлодар облысындағы Қашыр ауданының әкімі, Ақсу қаласының әкімі лауазымдарына тағайындалған.
2014 жылғы сәуірден – Павлодар қаласының әкімі.