• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаулысы

401 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қаулы етеді: Депутат Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайлансын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ Астана, 2016 жылғы 25 наурыз №5-VI ПМ   Бақтықожа Салахатдинұлы ІЗМҰХАМБЕТОВ 1948 жылы Гурьев облысының Теңіз ауданында туған. Уфа мұнай институтын бітірген. Тех­ника ғылымдарының докторы. 1971-2006 жылдар аралы­ғында мұнай компаниялары мен Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрі. 2007-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2012 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында – депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылдың тамызынан 2016 жылдың наурызына дейін – Атырау облысының әкімі.