• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2011

Елбасы қабылдады

391 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады. А.Жұмағалиев Мемлекет бас­шысына министрліктің 2010 жылғы қызметінің негізгі қоры­тын­дылары туралы, соның ішінде 3G үшінші буын ұялы байла­ныстың стандартын енгізу жө­нін­де, ауылда кең жолақты ин­тер­нетті дамыту бойынша жоба­ны іске асыруға дайындық жұ­мыс­тарын жүргізу туралы, сан­дық телехабарларды  іске қосу және электронды үкімет порталы арқылы 1 млн. 600 мыңнан астам электрондық анықтама берілгені, сондай-ақ 2011 жылға жос­пар­лан­ған міндеттер туралы баяндады. Кездесудің қорытындысы бой­ынша Мемлекет басшысы Қа­зақстан­ның ақпараттық-комму­ни­кациялық саласын халық пен бизнес өкілдері үшін мемлекеттік қызмет көрсету спектрін кеңейту, сандық телехабарларды дамыту, елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділікті және ақпараттық кеңістіктің бә­се­кеге қабілеттілігін арттыру бө­лігінде дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.Г.Марченко Президентке 2010 қаржы жылының алдын ала қо­рытындылары туралы баяндады. – Тұтастай алғанда, макроэ­ко­но­микалық жағдай тұрақты. Өт­кен жылы инфляция болжамды дәліз аясында 7,8 пайызды құ­ра­ды. Мемлекет басшысы Үкі­мет­пен және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен бірлесіп, банктердің экономиканың нақты секторын кредиттеуін ын­ты­ландыру әдістемесін әзірлеуді тапсырды, – деді брифингте Ұлттық Банктің төрағасы.