• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2016

Иракта жанкешті футбол ойыны кезінде өзін өзі жарып жіберді

342 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 наурыз. Ирактың Әл-Искандерия қаласындағы стадионда жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Салдарынан 30 адам қаза тауып, 70-ке жуық тұрғын жараланды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарылыс стадиондағы футболдың аяқталып, жеңімпаздарға жүлдені тапсыру кезінде орын алған. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қаза тапқандардың ішінде елді мекен әкімшілігінің басшысы мен жергілікті шейіттік жасақ командирі болған. Сондай-ақ, полицейлер лаңкестік әрекетті «Ирак пен Левант» ұйымы өз мойнына алғанын мәлімдеді. Айта кетейік, Әл-Искандерия ел астанасы Бағдатқа жақын орналасқан. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.