• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2016

Мексикада тұмау ауруынан 95 адам қайтыс болды

251 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 наурыз. Мексикада тұмау ауруынан соңғы бір апта ішінде 95 адам көз жұмды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мексиканың денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған ауру түрінен өткен жылдың қазан айынан бері 372 адам қайтыс болыпты. Олардың басым бөлігі, яғни 278 адам шошқа тұмауынан көз жұмған. Ал бүгінде бұл елде барлығы 8 мыңға жуық адам тұмау жұқтырған. Науқастардың көбісі Мехико, Тласкала, Халиско, Пуэбла штаттарының, сондай-ақ, ел астанасы Мехико қаласының тұрғындары. Аян Әбдуәли. Дерек: Фото: nebolet.com.