АСТАНА. 27 наурыз. Англияның жалпыұлттық таңертеңгілік The Independent басылымы электронды нұсқаға ауысты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылдың маусым айында басылымның тиражы 58 мыңды құрады. Бұл көрсеткіш 1990 жылдағы көрсеткіштен 85 пайызға аз. Аталған баспаны 2010 жылы ресейлік кәсіпкер Александр Лебедев қарамағына алған.
Алдын ала болжам бойынша, газет болуы мүмкін. Себебі, The Guardian басылымының хабарлауынша, газеттің 2011 жылғы шығын көлемі 18 миллион фунт стерлингті құраған. Бірақ 2012 жылы 14 миллион фунт стерлингке азайған. The Independent Александр Лебедевтің қарамағына өткеннен кейін, редакция өзінің оқырмандары үшін арнайы қосымша арқылы таралатын болды. Бұл басылым үшін табысты болады. Алайда, көп ұзамай аймақтық Johnston Press газетіне 24 миллион фунт стерлингке сатып жіберді.
The Independent басылымының электронды нұсқаға ауысуына байланысты 70 журналист жұмысынан босатылады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Фото: belfasttelegraph.co.uk.