• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2016

Кубада The Rolling Stones тобының концертіне 400 мың адам келді

315 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 наурыз. Британияның әйгілі The Rolling Stones рок-тобы Кубада алғаш рет концертін өткізді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған топ жеке концертін елдегі ең ірі спорт кешендердің бірі Ciudad Deportiva-да өткізді. Ең қызығы шара тегін өтті. The Rolling Stones-тің 400 мыңнан астам тыңдармандары жиналды. Әйгілі рок-тобы кешті 1968 жылы жазылған Jumping Jack Flash әнінен бастады. Екі сағат уақытта барлығы 18 әнін орындады. Жергілікті халық бұл кешті тарихи кеш деп бағалап отыр. Себебі, осыған дейін Кубада аталған топтың әндеріне тыйым салынған. Тіпті, әндері жазылған күйтабақтарын да кіргізуге рұқсат етілмеген. Осының салдарынан тыңдармандары жасырын түрде тыңдап келуге мәжбүр болған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».