• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2016

Пәкістанда лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 69 адамға жетті

338 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 наурыз. Пәкістанның Лахор қаласында лаңкестердің шабуылынан қаза тапқандар саны 69 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға балалар саябағында болды. Көпшілік жиналған жерде жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Салдарынан 300-ге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алды. Полиция қызметкерлері 23 баланың мерт болғанын мәлімдеді. Дәрігерлер олардың саны алдағы уақытта артуы мүмкін деген болжам жасады. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары жанкештінің 28 жастағы Музаффаргарх қаласының тұрғыны екенін анықтады. Сондай-ақ, тергеу жұмыстары кезінде 15 күдіктіні уақытша қамауға алды. Олардың арасында жарылыс ұйымдастырған содырдың екі туысқаны бар. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: trend.az.