• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2016

«Семнанның» наны әрқашан дәмді

920 рет
көрсетілді

Семейде соңғы кезде «Сем­нан» ЖШС-нің өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары. Қала­лық кәсіпкерлік бөлімінің ма­ман­дарының айтуынша, бұл кә­сіпорынның өнімдері сапалы болуымен қа­тар, бағасы да халыққа қол­же­тімді әрі тиімді. Комбинат сатып алушылардың әртүрлі таң­дауларын есепке ала отырып, әр адамның өзіне қажетті өнімін сатып алуға қолайлы жағдай жасаған. «Семнанда» шығарылатын өнім­дерге келсек, олар нандар, нан-бөлкелер, тоқаштар, ұн тәтті та­ғамдары, печеньелер, торттар. Қала дүкендерінде диета нандары мен денсаулықты түзеуге арналған нандар сериясы ерекше назар тартады. Бұл өнімдер тамақтану рационын нәтижелі үйлестіруге және ұзақ уақыт қол­данғанда ор­ганизмнің жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі. «Семнан» ЖШС нан-тоқаш комбинаты үнемі көрмелер мен РR-акцияларға қатысып тұрады. Мәдениет, білім және спортты дамытуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды белсенді қол­дау арқылы тұтынушылармен байланыс жасап, тиімді шараларды жүзеге асыруда. Компания тұ­­тынушылармен үздіксіз байланыста болатындықтан өнім­дердің құнарлығы және пайдалы қасиеттері туралы мәлі­мет­терді жинақтап отырады. Он­да тұтынушылар өздерінің ес­кертулері мен тілектерін айтуға мүмкіндіктері бар. Комбинатта жаңа технологиялар бөлімі жұмыс жасап, оның көмегімен барлық мүдделі жақтардың, сонымен қатар, тұтынушылардың, талаптарына жауап бере алатын жаңа нан-тоқаш өнімдері өндіріске тұрақты түрде енгізілуде. «Семнан» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС өнімдерінің сапасы ерекше тұрақты және талапқа сай. Заманауи жабдықтармен жаб­дықталған технологиялық зертхана шикізат, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылайды. Өндірістік, тұрмыстық және әкімшілік үй-жайларын жа­ңарту, санитарлық-гигиеналық нор­маларды сақтауға баса көңіл бөлінеді. Комбинаттың барлық дайын өнімдері белгіленген тәр­­тіпте сәйкестікті растау процедурасынан жүйелі түрде өтеді. Комбинат талай рет әртүрлі конкурстарда жүлделі орындарды иелеген. «Семнан» ЖШС-нің директоры Қайрат Жәңгірбаевтың ай­­­туынша, олардың кәсіпорны Семейдегі дүкендерді әлеуметтік нан­мен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпорын. Жақында қала әкімдігімен 20 кәсіпорын меморандумға отырған еді. Ба­ғаны шарықтатпау туралы мемо­рандумға сәйкес нан бағасы да аса қымбаттамайтын болады. – Біздің ұжым жақында Федор Достоевский мұражайында өткен «Еңбек адамы» жәрмеңке­сі­не қатысты, осындай шараларға жиі атсалысып тұрамыз, – дейді «Семнан» ЖШС-нің директоры Қайрат Жәңгірбаев. – Бұл шара «Еңбек күніне» арналды. Бұл күн­­нің мағынасы адамды еңбек етуге баулу. Еңбексүйгіштікті насихаттау болып табылады. Шыны керек, біз қайырымдылық жасауды да ұмытпаймыз. «Балдәурен» балалар бақшасы, «Ана мен бала» Қызыл крест қоғамдық ұйымы, балалар үйі сияқты көптеген мекемелер біздің қамқорлығымызда. Айта кету керек, «Семнанда» зей­нет­керлікке шыққан адамдар да жұмыс істейді. Біз еңбек етем деген адамды далаға тастамаймыз. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылар да біздің назарымызда. –  «Еңбек адамы» жәрмеңкесін­де түрлі әшекей бұйымдар, сырғалар, сыйкәделер жасайтын қолөнер иелерімен қатар нан-макарон өнім­дерін ұсынып «Семнан» ЖШС де қатысты, көрермендердің риза­шылығына ие болды. Өйткені, Се­мей халқы негізінен «Семнан» кәсіпорнының өнімдерін тұ­ты­нады, – деді мұражайдың ғы­лы­ми ағартушылық бөлімі мең­герушісінің орынбасары, жәр­меңкені ұйымдастырушы Сал­танат Секербаева. – «Ас атасы – нан» демекші, көрмемізде нанды қолдан пісіру, пешке салу, түрлі кондитерлік тағамдар жасау тарихы баяндалған. Мұның бәрі де еңбек адамының қолөнер жемісі екендігін ұмытпаған жөн. – Иә, нарықтың өз заңы бар, біраз жерлерде нан бағасының өсіп жатқандығынан хабардармын, – дейді қала тұрғыны Галина Бондаренко, – бірақ, мен өзім ұнатқан тоқаштар мен батондардан осыған бола бас тартпаймын. Бағаның көтерілуіне түсіністікпен қарауға болады деп есептеймін. Өйткені, қазір кәсіпорындарға да оңай емес. Шығындары көбейген шығар. Ал «Семнан» өнімі әр­қашанда жоғары бағаланады, себебі, аса қымбат емес, қолжетімді. Әрі нан-тоқаштары аса дәмді.  Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ. Суреттерді түсірген автор.