ТАРАЗ. 30 наурыз. Биыл Жамбыл облысында қант қызылшасының көлемін 6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыған байланысты облыс көлемінде орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының айналымдық қаражатының жоғын ескере отырып, қант қызылшасы дақылына қажетті тұқымды сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 220 млн. теңге бөлінді. «ОртаАзиялық» қант корпорациясымен келіссөздер жүргізіліп, өтініш берілді. Қант зауыттарынан алынған тұқымның құнын ауылшаруашылық тауар өндірішулеріне болашақтағы өнімінің есебінен төлейді. Бұдан басқа Меркі ауданында 157,5 және Шу ауданында 316,5 себу бірлігі құрайтын қант қызылшасының тұқымы қолда бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, облыс бойынша қант қызылшасы дақылының агротехникалық іс-шараларын атқаратын 244 бірлік ауыл шаруашылығы техникалар бар. Осы аталған техникалар бүгінгі күнде қант қызылшасын оңтайлы мерзімде аталған іс-шараларды атқаруға жетіспейді. Сондықтан облыстық бюджеттен техникаларды сатып алуға 200 000 мың теңге қаржы бөлінді.
«Бұдан бөлек, Шу және Қордай аудандары «Меркі қант зауыты» ЖШС-нен шалғай орналасуына байланысты, «ОртаАзиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен тасымалдауға кететін шығындарының бір бөлігін қант зауыттары сатып алу құнына қосып төлеу үшін келісім сөздер жүргізілді. Сонымен қатар, бүгінгі күнге қант зауыттары және Ауыл шаруашылығы министрлігімен қант қызылшасының сатып алу бағасына берілетін субсидиялау көлемін арттыру туралы да келісім жұмыстары жүріп жатыр», дейді НұржанНұржігітов.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz