• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2011

Тасқын әкелген апат

385 рет
көрсетілді

Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында орын алған су тас­қы­ны мен лай көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 500-ден асты. Лай балшық пен тас көшкіні көптеген тұрғын кварталдарды басып қалған. Кедейлер тұрған поселкелер ғана емес, туристерге арналған көріктендірілген аудандар да бүліншілікке ұшырауда. Елдің азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметтері бойынша, 13,5 мың адам үй-күйсіз қалған. Көлік қатынасындағы іркіліс салдарынан құтқару жұмыстарында қиыншылықтар туындауда. Зардап шеккендерге көмек ретінде өкімет 360 миллион еуро бөліп отыр. Апат аймағында төтенше жағдай жарияланды. Еуроодақ Әлиев реформаларын қолдайды Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Еурокомиссия төрағасы Хосе Мануэль Бар­розу­дың  маңызды стратегиялық мәселе­лерді талқылауға арналған кездесуі шын ықыласты дос­тық жағдайында өтті, деп хабарлады осы елдің АПА агенттігі. Қызметтестіктің барлық қырлары қамтылған келіссөзде  Баррозу Еуроодақтың президент И.Әлиев жүргізіп отырған рефор­маларды қолдайтынын мәлімдеген. Ол Әзірбайжанның «Шы­ғыс­тық әріптестік» бағдарламасын елді дамытудың маңыз­ды фак­торы деп санайтынына ризашылық білдіре отырып, осы елмен қызметтестікті өрістетуге негізделген жаңа Ассоциативтік келі­сім­нің бар екенін және соған сәйкес келіссөздердің басталып  кет­кенін хабарлаған. Онда Әзірбайжанның Еуропа рыноктарына шығуы мен визалық режімді жеңілдету мәселелері қарас­тырылған.