Ресей президенті Дмитрий Медведев бас прокуратура мен салық қызметіне ресейлік шенеуніктер тапсыратын табыстар туралы декларацияның қаншалықты рас екендігін анықтау үшін үш ай уақыт берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай табысқа қол жетпегендігін, дей тұрғанмен бұл бағытта жұмыс жоспары бар екенін атап көрсете отырып, Д.Медведев 1ақпанға дейін бір күндік фирмаларға қарсы күрес туралы заң жобасын дайындау жөнінде үкіметке тапсырма берді.
Президент әкімшілігінің түсіндіруінше, жалған декларация тапсырғандарға ең төменгі жаза сөгіс немесе жұмыстан шығару болып, одан арғы жерде құқық қорғау органдары айналыспақ.