• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2016

Оралда жаңа театр жұмысын бастады

324 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 28 наурыз. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Халықаралық театр күні өнер ұжымы жұмысын бастады. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Театрдың режиссері әрі көркемдік жетекшісі белгілі актер – Еркін Тасболат. «Ұлы дала» атауын иеленген театр келешекте әлемдік деңгейдегі шығармаларды сахналауды мақсат етеді. Әзірге негізгі көрермені – жеткіншектер. Сондықтан болар, тұсаукесер қойылым шымылдығы да «Сақ бол» атты халық ертегісімен түрілді. Бұл туындыны көрермен жылы қабылдады. Безендірілуі, декорация мен актерлердің ойнау шеберлігі де көпшілік көңілінен шықты. Театр директоры Айжан Хамидуллинаның айтуынша, бүгінде ұжымның 5 актері өнер саласында білім алып жүр. «Одан бөлек, бір музыкалық операторымыз бар. Әзірге ұжымымыз кішкентай. Соған қарамастан, алдағы уақытта облыс, республика деңгейінде қалып қоймай, Қазақстанның туын әлемдік деңгейде көтеріп, өзге мемлекетке апарып танытқымыз келеді», – дейді өнер ордасының басшысы. Темір Құсайын. Дерек, сурет: 24.kz.