• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Сирек кездесетін гауһартас арнайы аукционда сатылды

327 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 сәуір. Гонконгта арнайы ұйымдастырылған аукционда сирек кездесетін, ең ірі, көгілдір түсті гауһартас сатылды. Бұл туралы vesti.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салмағы 10,1 каратты құрайтын алмаз үшін сатып алушы 32 миллион доллар төлеген. Зергерлер асыл тасты ақ алтыннан дайындалған жүзікке орналастырып, айналасын көлемі кішілеу екі гауһартаспен сәндеген. Алғаш рет бұл алмаздың тұсаукесері 2000 жылы Лондон қаласында өтті. Құнды бұйымға қызыққандар ұрлап кетуді жоспарлаған. Алайда, тәртіп сақшылары бұл істің алдын алды. Айта кетейік, көгілдір түсті алмаз сирек кездесетін бағалы тастардың бірі. Оңтүстік Африкада өндірілгендердің ішінде оның үлесі 0,1 пайызды құрайды. Өткен жылы салмағы 12 каратты гауһарды Джозеф Лау есімді миллиардер 48,5 миллион долларға сатып алған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: vesti.kz.