2010 жылғы 30 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 6 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 6 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 6-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.