• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2016

Парламенттегі жұмыс бабындағы кеңес

249 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Астанада өтетін «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясы мен Съезд Хатшылығының XV отырысына әзірлік мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Конференция Қазақстан Пре­зи­денті Н.Назарбаевтың 2015 жыл­ғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамб­леясының 70-ші сессиясында айтқан терроризмге қарсы іс-қимыл туралы бастамаларын іске асыру аясында өтеді. Сенат Төрағасы халықаралық ұйымдардың, парламенттік және әлемдік діни қауым­дастықтардың, Қазақстанда тір­келген дипломатиялық корпус­тың өкілдері алғаш рет қатысатын конференцияның ерекше сипатына назар аударды. Терроризммен күрестегі маңызды мәселелерді талқылауға еліміздің және шетелдік сарапшылар да қатысады. Төрағаның пікірінше, конференция Мемлекет басшысы жария еткен жа­һандық маңызы бар «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін түсіндіру және ілгерілету үшін тиісті тұғырнама болады. Шараларға әзірлік барысы ту­ралы Сенаттың Халықаралық қаты­нас­тар, қорғаныс және қауіпсіз­дік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасарлары Ержан Ашықбаев пен Роман Василенко, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов ха­бар­дар етті, деп хабарлады Пар­ламент Сенатының баспасөз қызметі.