• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2016

Әкемтеатр

442 рет
көрсетілді

Жетісу өңіріне гастрольдік сапарға шығады Алдағы күндері Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің 90 жылдығы аясында гастрольдік сапармен Талдықорған және Текелі қалаларына аттанады. Алматы облысының орта­лығына атбасын тіреген бұл сапарда театр ұжымы Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын сахналамақшы. Әрбір қазақтың аузынан түспейтін жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндерді дүниеге әкелген Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен махаббаты жайлы сыр шертетін спектакльде өнер көрсететін актерлер мен қойылым тобын театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов пен театр директоры, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл бастап барады.  Шәмші рөлін Бекжан Тұрыс ойнайды. Ал еріксіз биге жетелеп, махаббатпен тебірентер «Сыған серенадасының» дүниеге келуіне арқау болған Сыған қызы Изольда бейнесінде Шынар Жанысбекова өнер көрсетеді. Сол сияқты Жетісу өңіріндегі көрермендер 21-22 сәуірде Барон рөліндегі Үсіпхан Сейтімбет, Баронесса рөліндегі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Алмас Шаяхметов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ләззат Қалдыбекова, ҚР «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Жасұлан Байсалбеков, Наз Жекенова, Бауыржан Маңжігітов, Замира Сапар, Қайрат Нәбиолла, Абзалбек Асхатұлы, Арай Өмірова, Жәнел Мақажан, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Әсем Әбенова секілді өнерпаздармен қауыша алады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ