• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2016

Жамбыл облысында 4988 іс татуласумен аяқталған

304 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 сәуір. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Әбдіжәми Құлдүйсенов брифинг өткізіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған жұмыстар барысын тарқатып айтып берді. Бұл туралы egemen.kz і хабарлады. «Статистика мәліметтеріне жүгінетін болсақ, 2015 жылдың бірінші тоқсанында 10457 сот істері қаралып, оның тек 2804-і, яғни, 27,1 пайызы, ал, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қаралған 6642 істің 4988-і, яғни 75,0 пайызы татуласу арқылы шешілген», деді ол. Сондай-ақ, Тараз қалалық №2 соты мен Қылмыстық атқару жүйесінің ЖД-158/1 және ЖД 158/7 мекелері арасында, онлайн әдісін қолданып сот мәжілістерді өткізуге арналған құрылғылар орнатылды. Статистикаға жүгінетін болсақ, онлайн режимінде 2015 жылы 44 материал, 2016 жылдың І тоқсанында 48 материал қаралды. Әбдіжәми Құлдүйсенов айтуынша, сот кабинеті енгізілгенінен бастап, оның ыңғайлылығына байланысты, қоғам тарапынан пайдаланушылардың саны көбеюде. Жетістіктермен шектеле қоймай, облыстың және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарда «Сот кабинеті» бұрышы ашылды. Бұл жағдайда тұлға сот кеңсесінің мамандарымен қатынаспай, өзіне қажетті іс-әрекеттерді жасайды. Аталған жайт сыбайлас жемқорлыққа бағытталған іс-әрекеттердің туындауына кедергі болатыны анық. Болашақта, соттармен талап-арыздарды қабылдау мен тағы басқа да құжат айналымдар электрондық түрде өткізілуі 100 пайызға дейін көтеру жоспарлануда. 2015 жылдың 1-ші тоқсанында 2731 9 (48,6 пайыз) талап-арыз түссе, 2016 жылы барлығы 2670-і (79,4 пайыз) келіп түскен. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz