АСТАНА. 20 сәуір. Мьянма мемлекетінің батыс аймағындағы Ракхайн штатында босқындар мінген кеме апатқа ұшырады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Құтқарушылар 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 60 босқын із-түзсіз жоғалып кеткен. Мәліметтерге сәйкес, су көлігінде барлығы 100 адам болды. Олардың айтуынша жергілікті лагерьден аталған штаттың әкімшілік орталығы Ситуэ қаласындағы азық-түлік базарына бара жатқан.
Арнайы құрылған жасақ құтқару амалдарын жүргізіп жатыр. Апаттың себебі әзірге белгісіз.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: tvc.ru.