• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Қазақстаным – қарашаңырағым

456 рет
көрсетілді

Этносаралық татулық – саяси тұрақтылық негізі Ұлттар мен конфессиялар арасындағы татулық – Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі. Еліміздің бұл ретте дүниежүзіне үлгі болатын орны бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері талай игі істер жүзеге асырылды. Жиырма жылдық өз тарихында Ассамблея жан-жақты дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Елбасымыз Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институттық құры­лымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты. Бүгінде Ассамблея ел Пре­зиденті төрағалық ететін конс­ти­ту­циялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бірегей бұл институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыс­тыра отырып, еліміздегі тұ­рақтылықты сақтауға және ел да­муына айтулы үлес қосып келеді. Егемен елімізде түрлі этнос­тардың мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этно­мәдени бірлестіктердің са­ны тұрақты өсуде, қазір ол 800-ден асады. Сонымен қатар, 28-і республикалық, оның ішінде 15 тілде газет-журнал жарық көрсе, 8 тілде радиобағдарлама, 7 тілде телебағдарлама эфирге шығады. Өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде білім беретін 88 мектеп жұмыс істейді, 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде оқытылады. Ал Ұйғыр ауданы – Алма­ты облысындағы шалғай аудан­дардың бірі. Ауданымызда қазақ пен ұйғырлар тату-тәтті өмір сү­руде. Ұлтаралық қақтығыстар жоқ, қойымыз қоралас, өзіміз араласып өмір кешудеміз. «Нұр Отан» партиясының Ұй­ғыр аудандық филиалы ұлт­тар достығы аясында әр­түрлі іс-шараларды тұрақты түр­де ұйымдастырып, оларды ойдағыдай жүзеге асырып отырады. Елбасы өткен 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық таны­тып, ол адамдарды өз туға­нындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн мейі­рімділіктің, бүкіл қазақ­стандықтар­дың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деп осы бір айтулы күнді мереке ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Айтулы бұл мереке Ұйғыр ауданында да жаңаша бастама алып, кең көлемде атап өтіл­ді. Жыл сайын жыл басы – Наурыз айында қазақтар мен ұйғырлардың, орыстардың, ауданда тұратын басқа да этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері жұрт­шылыққа паш етіледі. Ал 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қар­саңында түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, аудан­ның 80 жылдығына орай, осы өңірді мекен ететін халықтардың әде­биеті, мәдениеті көпшілікке ұсынылып, ұлттардың достығы, ұлт­аралық қатынастардың тұ­рақ­тылығы дәріптелді. «Ортақ мекен – Жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан», – деп ақын жырлағандай, ынты­мақ пен береке-бірлікті «Нұр Отан» партия­сы ешқашан естен шығарған емес. Мәулен НҰРОВ, «Нұр Отан» партиясы Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алматы облысы