• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Депутат бопсаламақ болған ба?

299 рет
көрсетілді

Жақында ғана облыстық мәсли­хаттың депутаты атанып, алғашқы сессиясына қатысып үлгерген Айдархан Орынбасаров «аса ірі көлемде ақша бопсалады» деген күдікпен сот санкция­сымен қамауға алынды. Сот өкілдері «депутатқа қатысты іспен Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­теті айналысып жатыр», деген­нен артыққа бара алмайды. Біз­дің анықтағанымыз, Айдархан Орынбасаров ҚК 194-бабы 4-тар­­мағының 2-бөлімімен «аса ірі кө­лемде бопсалау» бойынша әл-Фараби аудандық сотының санкциясымен ұсталған. Бүгіндері ол ауруханада. – Айдархан Орынбасаровты бізге изолятордан жедел жәрдем машинасымен алып келді, – дейді ОҚО кардиология орталығының бас дәрігері Спандияр Бекжігітов. Науқастың бұрыннан жүрек талмасы бар, сонысы қайталанған. Ауа жетпей тұншыға береді. Дәрі­герлердің көмегінен кейін жеке палатаға шыққан ол қарулы күзеттің бақылауында. Бұрынғы кәсіпкер өзінің теріс әрекеті үшін осылай пұшайман күйге түсті. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы