АСТАНА. 21 сәуір. Ирактың Эр-Рамади қаласындағы футбол стадионында 40-қа жуық адамның жерленген орны табылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ресми мәліметтер бойынша, жерленгендердің бәрі «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» ұйымының шабуылдарынан қаза тапқандар. Полиция қызметкерлері содырларды қамауға алған кезінде осы орынды көрсетіп, бар кінәні өз мойындарына алған.
Айта кетейік, Эр-Рамади қаласын өткен жылдың мамыр айында аталған топтың экстремистері басып алған. Алайда, 7 айдан кейін үкімет әскері қарсы тұрып, қаланы өз бақылауларына қайтарып алды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.